Компания туралы
- Қазақстан нарығындағы сейсмиканы заманауи түрде өңдеуден бастап гидродинамикалық моделдер құруға дейін толық біріктірілген қызмет жасайтын компаниялардың біріміз.
- Технологиялық тізбектерге біріктірілген программалық жабдықтамалар арқылы барлау мен игеру жұмыстарының барлық міндеттерін орындайтын сіздің геологиялық жұмыстарыңыздің тиянақты және сапалы жалғастыра алады.
Біз AGR Petroleum Services компаниялар тобына кіретін Reservoir Evaluation Services Kazakhstan ltd филиалы негізінде құрылған, тәуелсіз консультациялық компания болып табыламыз. Қазіргі таңда бізге жер қойнауын зерттеу, көмірсутектерді игеру мен өндіру саласында түрлі салалар бойынша 40 астам маман жұмыс істейді. Сол себепті Қазақстан Республикасы нарығындағы толығымен біріктірілген сервистік компаниялардың бірі болып ерекшеленеміз.
Құрылғаннан бергі 10 жылдан астам уақыт ішінде біз аралас салалардағы байланысты кең ауқымынды дамыттық және серіктестер бірге кен орындарын игеруде қоса алғанда, кенорындардың зерттеу жұмыстарын толық спектрін ұсына аламыз. 2013 жылдан бастап CGG компаниясы біздің акционерлерінің бірі болды. CGG компаниясы (www.cgg.com) – сейсмобарлау, грави және магниттік барлау жұмыстарын жүргізу саласындағы, сондай-ақ жоғарыда аталған барлық геофизикалық зерттеулерді өңдеу мен интерпретациялау, геофизикалық жабдықтар, мамандандырылған программалық жабдықтамаларды қамсыздандыруды жасау бойынша әлемдік көшбасшы. Осы бірігудің нәтижесі ретінде Алматы қаласында орналасқан CGG компаниясының мәліметтерді өңдеу орталығы RES ЖШС сейсмобарлау мәліметтерін өңдеу жөніндегі бөліміне өзгертілді. CGG компаниясы біздің мәліметтерді өңдеу орталығының жұмыстарына толық техникалық және сараптамалық қолдау көрсетеді. Біз жер қойнауын зерттеу жөніндегі барлық салалар бойынша жоғарғы сапалы қызметтердің кең ауқымын ұсынамыз:
Геофизика
- Сейсмобарлау мәліметтерін жоғарғы дәлдікпен өңдеу (уақыттық және тереңдік)
- Уақыттық және тереңдік мәліметтерді интерпретациялау
- Сейсмикалық атрибуттарды талдау және моделдеу
- AVO, сейсмикалық инверсияның барлық түрлері
- Сейсмофациялық зерттеулер
- 4С және 4D сейсмикалық зерттеулер
Геологиялық моделдеу және Петрофизика
- Улгітас сипаттамасы және ҰГЗ мәліметтерінің интерпретациясы
- Седиментологиялық зерттеулер
- Шөгінді фацияларды және олардың қасиеттерін моделдеу
- Геостатикалық үлгілерді құру
- Барлық қолда бар мәліметтер бойынша жыныстардың сызаттарын зерттеу
Кен орындарын зерттеу
- Материалды баланс
- Гидродинамикалық моделдеу
- Кен орны жұмысын болжау және өндіруге қатысты тарихи мәліметтерімен бейімдеу
- Трассерлерді айдау мәліметтерін моделдеу және талдау
Кен орнын игеруді жоспарлау
- Белгісіздіктерді талдау
- Ұңғымалардың орналасуын оңтайландыру
Көмірсутек қорларын бағалау және есептеу
- Қазақстандық және халықаралық стандарттар бойынша
- Көмірсутек қорларын бағалау және есептеу
- Құзыретті тұлғаның есептемелерін әзірлеу
Біз– Сіздің ең жақсы таңдауыңыз
Кәсіпқойлық
- Геология, геофизика, петрофизика және кен орнын қазу салаларындағы 40 астам мамандардан тұратын топ
- Жұмыскерлердің көптеген мұнай компанияларымен жұмыс істеген тәжірибелері бар
- Ең заманауи бағдарламалық қамсыздандыру және оларды қолданудың кәсіпқойлығы
Тәжірибе
- Кен орнына біріктірілген зерттеулер жүргізудің үлкен тәжірибесі
- Активтерді бағалау
Тиімділік
- Келесі ең озық мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жабдықталған: Geovation, Hampson Russel, Tigress, Petrel, RFD tNavigator, Geographix Discovery, GeoProbe, Stratimagic, IP, Log Tools, ffA GeoTeric, Eliis Paleoscan, CGG Petrosys, CGG PowerLog, CGG Insight Earth (FullSpark, PaleoSpark, FractureSpark)
- Мәліметтер базасын тиімді басқарудың мүмкіндігі
- Мәліметтерді жинау және тапсырыс берушінің базасына дайын нәтижелерді жүктеу
- Бүкіл әлем бойынша кез-келген тапсырыс берушілермен жұмыс істеу