Сейсмикалық фациялар

Негізгі бет Қызметтер Сейсмикалық фациялар

9

Сейсмифацияны классикалық талдау арқылы алаңның геологиялық құрылысы мен дамуын жақсы түсінуге септігін тигізеді. Сейсмофацияның интерпретациясы қадағалаудағы сейсмикалық горизонттардың интервалында сейсмикалық жазу жүргізудің сипатын талдаудан және сейсмикалық жазу жүргізудің негізгі түрлерін анықтаудан, олардың корреляциясы мен картаға түсірілуінен тұрады.

Талданатын атрибуттар:

  • Реттілік үлгісі
  • Кескіндеу сипаты
  • Кескіннің ұзақтығы
  • Орташа амплитуда
  • Орташа жиілік
  • КС тікелей белгілері (DHI)

Интерпретацияның ықтимал нәтижелері:

  • Шөгінді жиналудың жүйелері
  • Шөгінгі жиналудың бағыттары
  • Потенциалды коллекторларды анықтау
  • Потенциалды мұнайтуындатушы таужыныстарды анықтау
  • Потенциалды қақпақтарды анықтау

Сейсмикалық мәліметтер мен фациялар таралу сипатын пайдалана отырып, седиментация бағыты мен седиментациялық фациялар таралу интерпретациясын жүргізуге болады. Мұндай интерпретация тек, мысалда келтірілген, флювиалды (арналық) жағжайларда үшін ғана емес, сонымен қатар терригенді және карбонатты коллекторлармен байланысты өзге түрлері үшін де өте маңызды болып табылады.

Осыдан кейін КС миграциялау жолдарын және тұзақтардағы КС мүмкін көлемдерін бағалауды жүргізуге болады.

Келтірілген мысал бойынша шөгіндінің жиналуы, көптеген арналары бар, әркез суға толатын, өзен бойы жағдайларында немесе басқаша айтатын болсақ, сейсмикалық фациялары жартылай параллельді болып немесе параллельді кескіндермен сипатталатын, теңіздік емес флювиальды жағдайларда орын алған, дегенмен дөңесті немесе бейберекет кескіндер де кездесіп жатады.

Сейсмобарлау мәліметтері бойынша шөгінді жиналу шарттарындағы итервалдарды зерттеуге және литофацияны болжауға қажет сейсмикалық мәліметтердің динамикалық интерпретациясы сейсмофациялық анализдің маңызды бөліктерінің бірі болып саналады. Stratimagic пакетымен қоса нейрондық технологияны NNT (SISMAGETM Neural Network Technology) қолдану арқылы жұмыстар атқарылады. NNT технологиясының негізі зерттеліп жатқан интервалдардағы сейсмикалық сигнал формасының өзгеруін анықтауы мен бағалау үшін нейрондар жүйелердің қолдануында жатыр. Жұмыс нәтижесі сейсмофациялық карталар болып саналады. Олар келесі 3 кезеңдерден тұрады:

Бірінші кезеңде зерттеліп жатқан интервалдарда пішіні бойынша трасаалар жүйеленеді. Бір трассаның көрші не басқа трассаларға қатысты жылдамдық өзгерісінің функциясы арқылы пішіні анықталады.

Екінші кезеңде трасса моделінің пішіні анықталады. Трассалар кластарының әртектілігінің саны бойынша трасса моделінің пішін саны есепке алынады. Қорытынды пішінді іріктеу (аудан бойынша толқындардың өзгеру диапозоның толық сипаттайды) үшін моделдік трассаларды әр итерация сайын жүйе өзгертеді.

Үшінші кезеңде моделдік трассалар шынайы сейсмикалық мәліметтермен дәйекті түрде салыстырылады. Идентикалық белгілер бойынша моделдік класстарға жақын шынайы класстарды жеке номер иелендіріледі. Қорытынды нәтиже сейсмофациялық карта мен моделдер трассалардың жиынтығы болып есептеледі. Бұлар өз кезегінде барлық аудан бойынша берілген интервалдарда сигнал пішіндерін әртектілігін сипаттайды. Классификация жұмыстары кезінде әр трассаның көрші трассаның қатысында орналасуы ескеріледі. Сол себепті классификация кезінде анықталған сейсмофациялар логиялықлық түрде аудан бойынша үлестірілген.